Коронавирус • 23 Наурыз, 2020

Алматыдағы соңғы екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыс жасаған. Олардың бәрі стацинарда карантинде болған көрінеді.

Алматыдағы соңғы екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық

Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу протоколына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық.

Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар аурханасында 22 пациент, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және ауру жұқтырған 1 ана бар.

Қазір екі аурудың, онын ішінде бір баланың денсаулығы орта ауыр жағдайда, қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық.

Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдарында карантинде 660 азамат, ал үй карантинінде 1472 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ.