Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Қызылорда: Басты мақсат – баға тұрақтылығы

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалы ауданында азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Ажар сити» көтерме сауда орны ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қызылорда: Басты мақсат – баға тұрақтылығы

Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекетінен ашылған сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті. Аудандағы басқа сауда үйлері мен базарларға қарағанда «Ажар ситите» баға әлдеқайда арзан...

Нан бағасы 65 теңге. Ұн, күріш пен өсімдік майы да базар нарқынан төмен бағада саудалануда. Алдағы уақытта мұнда арзан бағадағы түрлі көкөніс өнімдері жеткізілмек.