Қоғам • 23 Наурыз, 2020

Қарт адамдарға азық-түлікті еріктілер тасиды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

RG Brands компаниясының өнімдері бар 5 мың қоржын Қазақстанның 18 қаласындағы жасы ұлғайған адамдарға жеткізіледі.

Қарт адамдарға азық-түлікті еріктілер тасиды

Компания қызметкерлері жеткізу бойынша еріктілер болып табылады. Олар қоржынды үйді-үйге байланыссыз әдіспен жеткізетін болады.

«Үйде қалыңыз. Біз сіздерді жақсы көреміз және сақтаймыз» деп жақындарымызға осы бастаманы айтатын боламыз. СOVID-19 пандемиясынан аға ұрпақты сақтауға ерекше назар аудару қажет деп санаймыз. Карантин және шектеулі қозғалыс кезінде біз сіздерді қорғап, сіздердің денсаулықтарыңызға қамқорлық жасағымыз келеді», – деді компания өкілдері.

Ұлыстың ұлы күні, қазақтың жаңа жылы – әз Наурыз мерекесі кезінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа баруы керек. Бірақ осы жылғы мереке тар отбасылық шеңберге ауыстырылды. Тіпті кейбіреулер тек қоңырау соғумен ғана шектеліп отыр. Осы жағдайда да аталмыш компания қашықтықтан болса да қарттарға жылу мен қамқорлық сыйлағысы келеді.

Олар алдын-ала қоңырау шалып сүт, шай, су және шырынды байланыссыз әдіспен жеткізеді.

Компания еліміздегі түрлі қауымдастықтар мен белсенді адамдарды қарттарға жақсылық жасау эстафетасын қолдауға шақырады.