Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Таразда 4000-ға жуық медициналық маска тегін таратылады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемді шарпыған аты жаман індеттен барынша қорғану – әрбір адамның міндеті. Дәрігерлердің белгілеп берген сақтану жолдары – қауіптің алдын алудың тиімді жолы. Десе де, Жамбыл облысында медициналық маскалардың тапшылығы туралы тұрғындар тарапынан талай сын айтылды. Нәтижесінде, өңірде 70 мың данаға дейін медициналық маска шығарылатын болды. Ал, жуырда тараздық «Асыл-Ай» тігін фабрикасы өз есебінен 1000 медициналық маска тігіп, оны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін таратқан болатын.

Таразда 4000-ға жуық медициналық маска тегін таратылады

Қайырымдылық – қайтымы бар сауапты іс. Бұл орайда, коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында Тараз қалалық әкімдігінің бастамасымен бірнеше рет қолдануға арналған 4000-ға жуық медициналық маскалар дайындалуда. Әкімдіктің мәліметінше, оған қажетті материалдарды демеушілер алып беріпті. Бүгінде медициналық маскаларды Тараз қаласындағы тігін шеберханаларының иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде тігуде. Ерікті азаматтардың көмегімен тігіліп жатқан медициналық маскалар көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардың мүшелеріне тегін таратылатын болады.

 

Жамбыл облысы