Әлем • 23 Наурыз, 2020

Ташкенттегі Daniel Hill Hotel төтенше жағдайға бейімделді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ташкенттегі Daniel Hill Hotel төтенше жағдайға бейімделді

«Күрделі жағдайларды ескере отырып, Daniel Hill Hotel   шетелдік инвесторлармен келісе отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне қолдау және қызмет көрсетуге дайын екендігін білдіреді. Өзбекстанға шетелден келген қандастарымызды оқшаулау үшін  350 адамға арналған 150 бөлме бөлінеді. Сонымен бірге қонақ үй күніне үш рет тамақтануды қонақүй әкімшілігі өз мойнына алады. Дүниенің төрт бұрышына шашылып өзбектің кез-келген азаматы артында Өзбекстан тәрізді мемлекеті барын әрдайым сезініп жүру керек»,  делінген хабарламада.

Бұған дейін көрші ел бойынан дерт белгісі табылған азаматтары үшін аурухана салуға кіріскенін хабарлаған болатынбыз.