Алматы қаласының полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс зорайтқыш байланыс арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
– Ірі блокпостарда дауыс күшейткіштер жұмыс істейді, олардың көмегімен азаматтар жеке қауіпсіздік шаралары және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау туралы, жүк көлігінің блокпосты арқылы өту үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы, төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін және билік өкілдеріне бағынбағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы, сондай-ақ азаматтар қалаға сыйақы үшін жол жүруге уәде берген адамдардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алатын кері байланыс арналары туралы ақпараттандырылады, – дейді қалалық полиция департаменті.