Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Баянауыл ауданын су басу қаупі бар

84 реткөрсетілді

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновпен бірге аудандағы су тасқыны қаупі бар аумақтарды арнайы  тікұшақпен аралап шықты.

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Ал, Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Сәтбаев, Мұса Шорманов атындағы, Көкдонбақ, Жаңажол ауылдарындағы ахуал жайында хабарлады.

Басқа  да ауылдарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Барлық су өткізу құбырлары тазартылған.

Су деңгейін үздіксіз өлшеу тұру үшін бес гидробекет орнатылды. Төтенше жағдайына 14 мың дана қап, 500 тонна инертті материал және 10 тонна жанар-жағар май дайындалды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы шұғыл әрекет ету үшін ауданда орналасқан.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан кейін Әбілқайыр  Сқақов Қалқаман-Баянауыл-Үміткер–Ульяновский республикалық маңызы бар жолдың 101 және 105 шақырымына да барып қайтты.

Өйткені, жолдың бұл бөліктерінің түйткілі аз емес. Жыл сайын осы бөліктерді су басады

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Ақылбек Қабылдин баяндауынша, қазір республикалық бюджеттен кезең-кезеңмен қаражат бөлу басталды: енді осы бөліктердегі жол деңгейі көтеріліп, көпір салынады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов Баянауылдағы Ащысу өзенінің ағысын көріп, Ақжар бөгеті ауданында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесу өткізді.

Әкімдер екі облыс шекарасындағы су тасқыны кезеңінде өзара іс-қимыл және бірлесіп әрекет ету мәселелерін талқылады.

Баянауылдағы су тасқыны жағдайы  бақылауда. Су тасқыны қаупі бар аймақтарда төтенше жағдай қызметтері және басқалары да дайын.          

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

80 жылдан кейін иесін тапқан хат

Руханият • Бүгін, 09:22

Мұнай-газ секторының сын сағаты

Экономика • Бүгін, 07:22

Қомақты қаржы бөлінеді

Пікір • Бүгін, 07:20

Мал баққанға бітеді

Аймақтар • Бүгін, 07:10

Зұлмат зардабы

Тарих • Бүгін, 06:54

Қала дамуына қарқын береді

Экономика • Бүгін, 06:46

Дала данышпаны

Абай • Бүгін, 06:43

Халық үнемдеуге көшті

Экономика • Бүгін, 06:35

Індетті тәртіп жеңеді

Коронавирус • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар