Әлем • 24 Наурыз, 2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың жедел таралуда екендігін ескертті

1911 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирус індетінің жедел таралуға көшкендігін әлем елдерінің назарына салды. Бұл жайында бүгін Интерфакс агентігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың жедел таралуда екендігін ескертті

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус дертіне шалдыққандар саны 300 мыңнан асқандығы туралы хабар алып отыр. Індет қарқынды түрде таралу үстінде. Бұл проблема бұл күнде әлемнің барлық елдерін қамтыды» деді ол Женевада өткен баспасөз мәслихатының барысында.
Халықаралық ұйым басшысының мәлімдеуінше, коронавирусқа шалдыққан бірінші жүз мың адамдық шекке жеткенге дейін 67 күн қажет болған.

Ал 300 мың адамдық шекке дейін жету үшін індетке бар болғаны 11 күн ғана қажет болды. Демек індеттің таралуы қарқынды сипат алуда және ол осы қысқа мерзім ішінде әлемнің барлық елдеріне жайылып үлгірді.
Халықаралық ұйым басшысы осы жағдайды айта келе елдерді барынша сақ болуға және онымен күресті күшейтуге шақырды.