Елорда • 24 Наурыз, 2020

Елордалық коммуналдық қызметі карантин кезінде жұмысын тоқтатпайды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметі қоғамдық көлік аялдамаларын, жол жиектерін, көшелер мен аулаларды күртік қардан тазалап, үздіксіз көлік байланысын қамтамасыз ету үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордалық коммуналдық қызметі карантин кезінде жұмысын тоқтатпайды

«Коммуналдық қызметтің барлық жұмысшылары қала тіршілігі жүйесінің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Күнделікті қар тазалау мен тазалық шараларына 1400 бірлік техника мен 1600 адам жұмылдырылған. Осы күнге дейін 6 млн. 500 мың шаршы м.қар шығарылды»,- деп атап өтті Астана Тазалық" мамандары.

Карантин енгізілген сәттен бастап, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қоғамдық жерлер мен көшелер, аула іші мен жаяу жүргіншілер жолын тазалау қадағалануда. Қала сыртында тұратын жұмысшылар кедергісіз жұмыстарына қатынауда. Олар төлқұжаттық және медициналық бақылаудан өткеннен кейін ғана істеріне кіріседі.

Сондай-ақ жұмысшылар маска, қолғап және басқа да қорғаныс құралдарымен тегіс қамтылған.