Комиссия жетекшісі, шаһар басшысының орынбасары Бектас Нұридинов алдымен халыққа ең қажетті деген ұн, май, сүт, картоп, сәбіз, жуа, т.б. өнімдер бағасына мəн берді.
Қазір өңірлік тұрақтандыру қорындағы ұн әлеуметтік нан пісіретін наубайханаларға төмен бағада беріліп, бүгінгі ас атасы 55 теңгеден сатылуда. Қалада тауарлар бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Азық-түлік бағасын өсірмеуге қаладағы «Алтын қамба» қоры да үлес қосып отыр. Бүгінгі облыс орталығында 26 әлеуметтік дүкен бар. Жыл ішінде халық тығыз орналасқан аумақтардан тағы да осындай сауда нүктелерін салу жоспарлануда.