26 Тамыз, 2013

Елімізге шайтанның таңбасы қайдан келді?

417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Знак шайтана-1

Британияның Daily Mail басылымы Қазақстанның солтүстік өңірінен табылған белгісіз пентаграмманың не екенін түсінбей бас қатыруда. Бұл туралы «Нұр Астана» газеті жазады.

«Бұл орасан пентаграмма Қазақстанның әлемнен тыс қалған бөлігінде бейнеленген. Сурет Google Earth-те пайда бола сала, әртүрлі теория айтқандар табылды. Диаметрі 366 метр болатын бес жұлдызды символ мемлекеттің солтүстігінде, Тобыл өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан. Әдетте пентаграммалар ібілістің қарғысымен байланыстырылады, сондай-ақ, Бахаи дінінде, қытайлық Даосизмде, неопагандықтарда, тіпті грек математигі Пифагорда кездеседі. Мұндай белгінің жан баласы аяқ баспаған жерде орналасуы түсініксіз», – дейді Daily Mail басылымы.

Біреулер мұны белгісіз шайтани ұйымның қолтаңбасы болуы мүмкін десе, екіншілері Ресейдің құпия базасының орны дегенді айтады. Вашингтон штатының тұрғыны Курт ЙейтсLive Science-тың уеб-сайтында сурет туралы өзінің ойын жазыпты: «Бұл зениттік басқару зымыранын қолдану үшін пайдаланылған аймақ секілді. Мен ұшқыш болып қызмет атқарғандықтан мұндай белгілер жақсы таныс. Ресейдің (Кеңес үкіметінің) әуе қорғаныс қызметі бұларды пайдалануы мүмкін (немесе әлі пайдаланады). Дөңгелек радардың қаншалықты дұрыс жұмыс істеп тұрғанын анықтау үшін керек. Белгінің көлемін және Байқоңыр ғарыш айлағының жақын екенін ескерсек, «Союз» ғарыш кемесін басқару үшін қолданылған секілді».

Знак шайтана-2

Беймәлім таңбаның шайтани ұйыммен байланысты дейтіндердің дәлелі – суретті Googlemap-тан тауып, интернетке салған екі қолданушының нигі «Adam» және «Lucifer» болуы. Екі есім де ібілістің атымен бірге жүреді. Христиан дінінде пентаграмма бес сезім мен Исаның бес деңгейін білдіреді. Шайтаннан қорғайды деген түсінік те бар. Қалай дегенмен, бұл таңбаның Тобыл өзенінің бойына қайдан келгені түсініксіз. Дегенмен, түбегейлі қорытынды алдағы уақыттың еншісіне қалып отыр.

Бақытбек Кенешұлы.