Қазақстан • 24 Наурыз, 2020

2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады - Д.Абаев

414 реткөрсетілді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«Жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас аралығындағы барлық жас жігіттер шақырылады. Әскери қызмет және Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың  парызы мен міндеті болып табылады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сол сияқты әскерге шақыру да уақытша тоқтатылады», - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар

iPhone 12 Pro рендері шықты

Технология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар