Коронавирус • 25 Наурыз, 2020

Коронавирустан емделген бірінші қазақстандық ауруханадан аптаның соңында шығуы мүмкін - Е.Біртанов

3383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптаның соңында коронавирустан емделген қазақстандықтар ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Коронавирустан емделген бірінші қазақстандық ауруханадан аптаның соңында шығуы мүмкін - Е.Біртанов

«Белгіленген алгоритмге сәйкес, науқастарға 14 күн бақылау жасаймыз. Ауырған адамдардан сол 14 күннің ішінде бірнеше рет қан сынамасын алып, емдейміз. Кейбір азаматтар жеңіл жағдаймен жатыр, ешқандай симптомдары жоқ. Оларды бақылап, жағдайлары дұрыс болса осы аптаның соңына қарай ауруханадан шығарып, үйлеріне жібереміз. Құдай қаласа6 емделді, дені сау, жағдайы жақсы деп шығарамыз» деді министр ведомствоның Facebook парақшасындағы видеода.