Мобильдік топ мүшелері рейд кезінде төтенше жағдай режимін бұзған 2 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Кеше Қазалы аудандық сотында осы азаматтарға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабымен қозғалған әкімшілік іс қаралды.
Сот қаулысымен бір азамат 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, ал екінші кәсіпкерге тәрбиесінде кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты 26 510 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы