26 Тамыз, 2013

Ғани Қасымов бастаған бір топ депутат сенаторлықтан кетті

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гани Касымов

Бір топ депутат бүгін, 26 тамыз күні Қазақстан Парламенті депутаттығынан кетті. Бұл туралы өзінің дереккөзі мәліметі сүйенген ҚазТАГ хабарлады.

«2007 жылы тағайындалған бір топ Сенат депутаттарының өкілдіктері аяқталды. Мерзімдері бітулеріне байланысты Әділ Ахметов, Ғарифолла Есімов, Болат Жылқышиев, Ғани Қасымов, Александр Судьин, Оралбай Әбдікәрімов және Юрий Цхай сенаторлық орындарын босатты», - деді дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісіне сұхбат беруші.

Осы кезде мәлім болғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Конституциясы 50-бабы, 2-бөлігіне сәйкес, Бірғаным Әйтімова, Асқар Бейсенбаев, Сергей Громов, Ләззат Қиынов, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Серік Нөгербеков, Нұрлан Оразалин сынды тұлғаларды Парламент Сенатының депутаттары етіп белгіледі.

Сәкен Майлыбай.