Қазақстан • 25 Наурыз, 2020

Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіріп-шыға алады?

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндегі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласына көліктер мен адамдар әкімдік тізімі бойынша кіріп-шығады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Карантин: Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіріп-шыға алады?

«Сергек» жүйесін жасаушы компания полиция департаментінің планшеттеріне арнайы мобильді қосымша енгізді. Сол арқылы полиция қызметкерлері блок-бекеттер арқылы кіріп-шыққан көліктер мен адамдарды есепке алады», - деді министр.

Сондай-ақ ол осы мобильді қосымша көліктің нөмірі мен жүргізушінің рұқсат етілген тізімде бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді екен.

Министрдің айтуынша, бұл тізімді әкімдік жасайды. Тізімде, мысалы, қалаға азық-түлік, дәрі әкелетін адамдар мен көліктер кіргізіледі. Ал тізімде жоқ азаматтар блок-бекет арқылы өте алмайды.