Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Қазақстанда күніне 850 мың бетперде тігіледі - Дәурен Абаев

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тәулігіне 850 мың маска тігілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Қазақстанда күніне 850 мың бетперде тігіледі - Дәурен Абаев

«Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігіліп жатыр. Бұл маскаларды Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерге таратуда. Масканы фармацевтикалық компаниялармен бірге тігін цехтары да тігуде»,- деді Дәурен Абаев. Министрдің дерегінше, қазір елімізде 70 тігін цехы маска тігіп жатыр. «Айта кететін мәселе – маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейді. Себебі бұл - медициналық тауар емес және техникалық регламентпен реттелмейді», - деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар