Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Адамдар да үйінен шықпай өмір сүруге үйреніп жатыр - министр

76 реткөрсетілді

Үкімет коронавируспен күресу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар атқаруда. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Құрметті отандастар! Өздеріңіз білесіздер, Үкімет коронавируспен күресу үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар атқаруда. Адамдар да үйінен шықпай өмір сүруге үйреніп жатыр. Көпшілігіміз қашықтан жұмыс істеуге көштік. Жағдай күрделі, сондықтан баршаңыздың көмегіңіз керек», - деді министр.

Министр ол үшін мамандар айтқан қарапайым кеңестерді жасау қажет екенін еске салды.

«Қолыңызды жиі жуыңыз, әр жуғаныңыз 20 секундтан кем болмасын. Үйден шықпаңыз. Далаға шықсаңыз, маска киіңіз және адамдармен 2 метр аралықты сақтаңыз. Көпшілік болып жиналмаңыздар. Қазір той тойлайтын, қыдыратын уақыт емес. Осы қарапайым шараларды жасау арқылы сіздер өзіңіздің, жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыздар» деді ол.

Сонымен қатар Дәурен Абаев бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға карантин уақытында балаларымызға көбірек көңіл бөліп, бірге кітап оқуға, пайдалы видеолар көруге шақырғанын еске салды.

«Қажетті материалдардың тізімін де берді. Бұл керемет бастаманы қолдау керек деп санаймын. Үйде болайық, аман болайық. Біз біргеміз!» деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар