Президент • 25 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Президент коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.

«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!» деді Президент.

Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.