Айдынды Есілден орын тепкен жаңа көпір қос жағалауды ғана емес, арайлы таңдар мен қызықты кештерді жалғап, сұлулық әуенін әуелетіп жатқандай. Көпірдің дөңестене біткен бүйірі су бетіне көтерілген балықтың жон арқасындай алуан өрнекке толы. Табалдырығына аяқ басса болғаны бейне бір алып балықтың ішіне жұтылып кеткендей сезінесіз. Балықтың күнге шағылысқан күміс қабыршағындай болған көпірдің сыртқы жабындысы 2450 алюминий жапырақшасынан құралған. Қала жұртына сәулеті мен сәні жарасқан осындай тамаша орынды тарту еткен Асхат Сәдуов бүгінде Нұр-Сұлтан қалалық урбанистика орталығының жетекшісі. Жуырда А.Сәдуовпен әңгімелесудің сәті түскен еді, жаңа мен көне шаһардың үйлесімі, кеңестік модернизм, көрікті қаланың келбетін бұзған мәселе жайында айтары аз болмай шықты.

Кейіпкеріміз әңгімені сәулет өнері мен құрылыс саласына қалай келгенінен бастады. Өзімізді де қызықтырып отырғаны осы сауал еді. Айтуынша, мамандық таңдау деген маңызды істе ұзақ ойланған. Таңдау жасау оңайға түспеген.
– 2002 жылы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет факультетіне түстім. Одан бұрын өзімді басқа мамандықтарда сынап көрген едім. Мысалы, Алматыда мұнай саласында оқып, Қарағандыдағы IT-секторында автоматтандырылған жобалау жүйесінде де білім алдым. Оған мүлдем қызықпадым. Осыдан кейін мен сәулет өнеріне ден қоя бастадым, – дейді Асхат.
Бұл кез елорданың енді-енді қанат жайып, құрылыс қарқыны қызып тұрған шақ еді. «Темірді қызған кезде соқ» дегендей, Асхат нағыз сәулетші ретінде өзін байқастап, жеке серіктестігін құрады. Онда шамамен отызға жуық адам еңбек етіп, мемлекеттік және жекеменшік секторлар үшін әртүрлі өндірістік ғимараттарды жобалауды қолға алады. Дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқан астанамен бірге түлеген ол бірнеше жылғы тәжірибесін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық кезінде сәтті ұштастырып, түрлі видео, аудио көрмелер ұйымдастырып, шетелдік компаниялармен жұмыс істей бастағанын еске алды.
– ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін осы урбанистика орталығына келдім. Оны жаңадан қайта құрдық. Ол кезде қала әкімі Әсет Исекешев болатын. Әкімдікке сәулет пен қала құрылысының кейбір жаңа бағыттарын талқылау үшін алаң құру туралы ұсыныс жіберген едік. Осылайша 2016 жылы елорданың бас жоспары бойынша жобалау тобының құрамына кірдім. Көп ұзамай қаланың бас жоспарына конкурс жарияланып, бүгінге дейін іске асырып келеміз, – деген ол үлкен қалалардағы қолайсыздық мәселесінің ушығып тұрғанын, бұл ретте астаналық жаяу жүргіншілерге көшеде ыңғайсыздықтың бар екенін айтып өтті. Өйткені ол басқаратын урбанистика орталығының негізгі міндеті де осы – қалада жайлы орта қалыптастыру. «Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары бізде өз бетімізше оқу процесі болды, ешкім бақылаған жоқ. Голливуд фильмдерін көріп өсіп, америкалық спорт түрлерін тамашаладық. Олардың арманы – үй салу, отбасының әр мүшесіне көлік сатып алу. Мұндай идеология посткеңестік кеңістікке жылдам орнықты, өйткені мұнда оны алмастыратын басқа ештеңе болған жоқ», – деп сөзін сабақтаған А.Сәдуовтің ойымен келіспеске шарамыз болмады. Өйткені көлік қозғалысы мәселесі күн өткен сайын ушығып, тар көшеде иін тірескен көліктен қаланың да, даланың да ауасын бүлініп бара жатқаны рас. Бір ғана әсем қала Алматының экологиялық зардаптардан арыла алмай отырғанын көзіміз көріп жүр.
– Көлік қозғалысын тоқтату қиын-ақ. Тек бізде ғана емес, көлікке тәуелділік барлық жерде кездеседі. Әрине бұған қарсы шара жасау керек екенін түсінеміз. Дамыған елдердің өз экономикалық мазмұны қалыптасқан, сондықтан адамға да, көлікке де ыңғайлылық қарастырылған, – дейді Асхат.
Оның айтуынша, біз қазір өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы батыс қалаларының даму сатысында тұрмыз. Олар үнемі автокөлік инфрақұрылымын дамытуға тырысты: көп деңгейлі жол айырықтарын, жол өткелдері мен тұрақтарды салды, бүкіл жаяу жүргіншілер кеңістігін құртып жіберді. «Жеке автокөлікке арналған көлік инфрақұрылымын үнемі дамытудың теріс тұсы міндетті түрде болады. Сондықтан олар қоғамдық көлікті дамытып, ақылы автотұрақпен орталықтарды жаба бастады. Орталыққа және жайлы қалалық ортаға кіргіңіз келе ме? Ақы төлетеді немесе қоғамдық көлікте серуендейтін жақсы балама ұсынады. Мұндай сценарий болашақта бізге де келеді», – дейді.
Ал елорда архитектурасы туралы пікірін сұрағанымызда, сәулетшінің қаланың ескі, тарихи орталығы туралы қарапайымдылыққа екпін береді, сөйте тұра талғамды минимализм стилін ұнататынын аңғардық.
– Қаланың ескі бөлігі өте жайлы. Ол маңайдан кеткім келмейді. Сол жағалауға баруға тура келеді, бірақ ол алыс және ыңғайсыз, желді. Ғимараттар жақын көрінгенмен, көшелер арасы өте алшақ. Барлық тарихи ғимарат, тіпті кеңестік модернизм мен үшін өте әсерлі. Мәселен, Конгресс-холл ескі келбетімен әдемі болды, оны мойындау керек. Маңайында кілең кеңестік классицизмде жасалған ғимараттар орналасқан. Бұл тарихи ғимараттар белгілі бір кезеңде қалада қандай саяси және экономикалық процестер болғанын түсіну үшін маңызды, – дейді ол. Иә, әйгілі «Атырау» көпірі Есілдің қос жағалауын қосып, ұзына бойы жатыр. Еркелей аққан Есіл бойын жағалай келіп, аталған жобаның идеясы туралы айтып өтуіміз әбден орынды.
– Бұл көпірдің қажеттілігі айқын болды. Тендерде жеңіске жеткен компания бірнеше рет жобаны мақұлдауға ұсынған болатын. Әртүрлі сәулетшілердің жұмысын сараптап көрді. Еріктілердің қатарында мен де өз тұжырымдамамды ұсынған едім. Сарапшылар қауымдастығына ерекше ұнады. Мұндағы идея өте қарапайым – қоғамдық кеңістік құру керек болды. Яғни жай ғана көпір емес, эстетикалық бір ерекше дүние. Осылайша өзімді өзгеше тұстан сынап көрдім, – дейді сәулетші. Ал келісім бойынша Атыраудың географиясымен байланысты қандай да бір топонимдерді пайдалану керек болған. Сондықтан көпірдің бекіре тұқымдас балық бейнесі нақ осы себепті таңдалыпты.
Асхат ынталы жас мамандарға тәжірибесімен бөлісуге, білгенін үйретуге дайын. Туған ел, өскен жұрты үшін аянып қалмақ емес. Ол басқаратын орталықтың ендігі міндеті – қаланы барынша жайлы, өміршең ету. Ол үшін халықаралық сарапшылармен бірге қазіргі әлемдік тенденцияларды қадағалап, өзгертетін тұстарын жоспарлап отырған көрінеді.
– Қазір Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарын – 2030 жылға дейінгі аумақтық даму құжатын дайындап жатырмыз. Көлікке тәуелділікті азайту, жаяу жүргіншіге мол мүмкіндік жасау – негізгі міндет. Бүгінгі таңда біздің қызмет саламызға қаржы көп бөлінеді. Қала құрылысы мен сәулет саласында не істеу қажеттігін, адамның пайдасына қалай дұрыс бағыттау керектігін білеміз. Елімізді, Отанымызды бірге дамытатынымызға сенемін, – дейді А.Сәдуов.
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Батыс Қазақстанда биыл коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар