Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

Ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк халықтың қаржылық ахуалын жақсарту үшін «7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізді.

Ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

Ұлттық банктің хабарлауынша, елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты жұмысынан айрылған клиенттерге негізгі қарызды төлеуді кейінге шегеруге 90 күн мұрсат беріліп отыр. Осы уақытта оларға айыппұл және өсім есептелмейді.

«Банктерге әр мәселені жеке шешу үшін барлық шараны қабылдау керек болып тұр. Төтенше жағдай кезінде қиындықта қалған клиенттер үшін төлем тетігі өзгереді. Бұл өзгерістердің барлығы несие алушының несие тарихына енгізілмейтін болады», - деді Ұлттық банк өкілдері.

Несие алушылар үшін бұл уақыт 16 наурыздан, яғни ТЖ енгізілген күннен бастап саналады.