Қоғам • 26 Наурыз, 2020

Коронавирус туралы қалжыңдаймын деп қызметінен қуылды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы интернетте пайда болған бейнежазбадағы әрекеті үшін қызметінен қуылды деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус туралы қалжыңдаймын деп қызметінен қуылды

Учаскелік полиция инспекторы жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алыпты. Сөйтіп, әлгі жерді ұялы телефонына түсіріп, жазбаны WhatsApp арқылы танысына жіберсе керек. Видеодан байқалғандай, тәртіп сақшысы спиртті еденге төгіп, оған от қояды да, «осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес» деген пікірін білдіреді.

Енді, міне, тәртіп сақшысы бүкіл елді дүрліктірген індет туралы орынсыз қалжыңдаймын деп қызметімен қош айтысты. 

Бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар "әзілқой" учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтады.

Ал бейнежазба әлеуметтік желілерге таралып кеткен.