Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Басты талап – тәртіптің сақталуы

227 реткөрсетілді

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы жедел штаб отырысы өтті.

Қала әкімі мобильдік топ мүшелеріне қала аумағындағы қауіпсіздік шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды. Қала дәріханаларында бетперде мен залалсыздандыру құралдарының тапшылығын болдырмауды, азық-түлік және халық күнделікті көп тұтынатын тауарлардың бағаларын негізсіз өсіруге жол бермеуді, сондай-ақ нұсқаулыққа сәйкес қаладағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуді жүктеді.

Шаһар басшысы бұған дейін қаладағы адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, тиісті құзырлы органдар мен сала басшыларына, нысандардың иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеп, оның орындалуы қатаң бақыланатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар