Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Мамандардың еселі еңбегін бағалайық – Бақытжан Сағынтаев

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде ел қауіпсіздігін қадағалап, таңнан кешке дейін жұмыста жүрген күштік құрылым өкілдері мен халық денсаулығы жолында жұмылған ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев  қазіргі уақытта дәл осы мамандық иелерінің еңбегін бағалау керектігін  өзінің Instagram парақшасында айрықша атап өтті.

Мамандардың еселі еңбегін бағалайық – Бақытжан Сағынтаев

«Осындай қиын шақта біздің, елдің амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, отбасынан жырақта жүріп, демалыссыз, жанқиярлықпен күресіп жүрген жандар туралы ойланып көрдік пе? Бәлкім, бәзбіреулер айтар, бұл полиция өкілдерінің, әскерилердің және дәрігерлердің парызы деп. Бірақ олар үн-түнсіз жасап жатқан сол еңбектерінің өтеуін бізден сұрап, міндетсініп жатқан жоқ. Қарапайым тұрғындар оларға қалай көмектесе алады? Аяушылық қажет емес. Тек қана әрқайсымыз орын алған жағдайға түсіністік танытып, өз жауапкершілігімізді күшейтіп, саналы түрде қолдау көрсетіп отырайық. Қабылданған карантиндік шаралардың тиімділігі де осында. Бұл мәңгі емес. Сондықтан бәріңізді сабырлы болуға, ал алдыңғы қатарда еңбек етіп жүргендерге шыдамдылық пен күш-жігер тілеп қояйық» - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше