«Осындай қиын шақта біздің, елдің амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, отбасынан жырақта жүріп, демалыссыз, жанқиярлықпен күресіп жүрген жандар туралы ойланып көрдік пе? Бәлкім, бәзбіреулер айтар, бұл полиция өкілдерінің, әскерилердің және дәрігерлердің парызы деп. Бірақ олар үн-түнсіз жасап жатқан сол еңбектерінің өтеуін бізден сұрап, міндетсініп жатқан жоқ. Қарапайым тұрғындар оларға қалай көмектесе алады? Аяушылық қажет емес. Тек қана әрқайсымыз орын алған жағдайға түсіністік танытып, өз жауапкершілігімізді күшейтіп, саналы түрде қолдау көрсетіп отырайық. Қабылданған карантиндік шаралардың тиімділігі де осында. Бұл мәңгі емес. Сондықтан бәріңізді сабырлы болуға, ал алдыңғы қатарда еңбек етіп жүргендерге шыдамдылық пен күш-жігер тілеп қояйық» - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Төтенше жағдай кезінде ел қауіпсіздігін қадағалап, таңнан кешке дейін жұмыста жүрген күштік құрылым өкілдері мен халық денсаулығы жолында жұмылған ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қазіргі уақытта дәл осы мамандық иелерінің еңбегін бағалау керектігін өзінің Instagram парақшасында айрықша атап өтті.
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Бүгін, 17:57
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Қаржы • Бүгін, 17:25
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:57
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Тұлға • Бүгін, 15:12