Футбол • 26 Наурыз, 2020

2019 жылы ең көп еңбекақы алған футболшылар тізімі шықты

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі France Football басылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша ең көп еңбекақы алған футболшылардың тізімін жариялады.

2019 жылы ең көп еңбекақы алған  футболшылар тізімі шықты

Көш басында – аргентиналық Лионель Месси. Испанияның «Барселонасында» өнер көрсетіп жүрген шоқ жұлдыз 131 милиион евро табыс тапқан екен. Екінші және үшінші орындарда – португалиялық Криштиану Роналду мен бразилиялық Неймар. «Ювентустың» сұрмергені 118 миллион алса, ПСЖ-ның шабуылшысы 95 миллионды еншілеген.

Сондай-ақ, «ТОП-10» ойыншының қатарында Гарет Бейл («Реал Мадрид». 38,7 млн.), Антуан Гризманн («Барселона». 38,5 млн.), Эден Азар («Реал Мадрид». 35 млн.), Андрес Иньеста («Виссел Кобе». 34 млн.), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити». 33,8 млн.), Роберт Левандовски («Бавария». 29 млн.) және Килиан Мбаппе (ПСЖ. 27 млн.) сынды саңлақтар енді.