27 Тамыз, 2013

Елшімен кездесті

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Бельгия корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даниел Бертранмен кездесті.

 

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Бельгия корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даниел Бертранмен кездесті.

Сенат Төрағасының орынбасары Қазақ­стан-Бельгия қатынастарын дамытудағы Д.Бер­транның елеулі үлесін атап өтті.

Қазақстан мен Бельгияның арасында дипло­матиялық қарым-қатынастар орнағанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдарда жүйелі сая­си үнқатысу қалыптасты. Парламентаралық ын­тымақтастық оның маңызды құрамы болып табылады, деп атап өтті Қ.Ищанов.

Екі елдің парламенттерінде достық тобы қыз­мет етеді. Төраға орынбасары осы жылдың күзінде «Бельгия-Қазақстан» достық тобының же­текшісі Де Кроо мырза бастаған бельгиялық де­путаттардың сапары парламентаралық үн­қа­­тысуға қосымша серпін беретініне сенім артты.

– Қазақстан Парламентінің депутаттары бель­гиялық әріптестерімен екіжақты ынты­мақ­тастықты ны­ғайтумен бірге ЕҚЫҰ, НАТО және Еуропа Кеңе­сінің парламенттік ассамблеялары секілді халық­аралық парламенттік ұйымдармен көпжақты байланыстарды дамы­туға ниеттеніп отыр, – деп атап өтті Қ.Ищанов.

Кездесу барысында әңгімелесушілер эконо­мика және мәдени-гуманитарлық саладағы екі­жақты ынтымақтастық мәселелерін де тал­қы­лады. Қ.Ищанов бельгиялық ком­па­ния­лардың өкіл­дерін 2012 жылы Астанада өте­тін ЕХРО-2017 халық­аралық көрмесіне қаты­суға шақырды, деп хабарлады Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.