27 Тамыз, 2013

Біз мектепке барамыз!

357 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп данагөй бабаларымыз өсиет еткендей, біздің елімізде ілім-білімге ұмтылған жастарға кең қолдау көр­сетіліп келеді. Әрине, әр оқу­шы­ның білім деңгейі ҰБТ сына­ғы кезінде белгілі болады. Биылғы ҰБТ қорытындысымен Аты­рау қаласындағы ағылшын тілін те­реңдетіп оқытатын техникалық гимназияның үш түлегі – Самал Құмарова, Нұржан Қамзаев және Ақбөкен Сахтанов он бір жыл бойы жинаған білімінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш – 125 баллға ие бол­ды. Осы оқу ордасының және бір түлегі – Айнаш Әубекерова бі­лім сынағынан 124 баллдық көр­­сеткішке қол жеткізіп, ұстаз­дарының сенімін ақтады.

 MG 4033

  MG 4033

БІЛІМДІ ЖАСТЫҢ ЖҮЗІ ЖАРҚЫН

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп данагөй бабаларымыз өсиет еткендей, біздің елімізде ілім-білімге ұмтылған жастарға кең қолдау көр­сетіліп келеді. Әрине, әр оқу­шы­ның білім деңгейі ҰБТ сына­ғы кезінде белгілі болады. Биылғы ҰБТ қорытындысымен Аты­рау қаласындағы ағылшын тілін те­реңдетіп оқытатын техникалық гимназияның үш түлегі – Самал Құмарова, Нұржан Қамзаев және Ақбөкен Сахтанов он бір жыл бойы жинаған білімінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш – 125 баллға ие бол­ды. Осы оқу ордасының және бір түлегі – Айнаш Әубекерова бі­лім сынағынан 124 баллдық көр­­сеткішке қол жеткізіп, ұстаз­дарының сенімін ақтады.

ҰБТ сынағының биік шыңын ба­ғын­дыр­ған үш түлектің талпы­нысы барша қа­зақ­ты үлкен абы­ройға бөледі. Олардың ілім-бі­лім­нің көкжиегіне қол созған тал­пы­нысына облыс әкімі Бақ­ты­қожа Ізмұхам­бе­тов қолдау көр­сетіп, әрқайсысына 1 мил­лион теңгеден қаржылай сый жасады. Өз қатарластарынан білімімен оқ бойы озып шыққан түлектің ұстаздары да үлкен құрметке бө­ленді. Жалпы, өңір басшылығы та­рапынан көрсетілетін қолдаудан алыс ауылдардағы мектеп оқу­шы­лары да тыс қалып отырған жоқ.

Бұрынғыдай емес, алыс ауылдарда да мектептер жаңарды, осы заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуда. Соған орай мұға­лім­дердің де біліктілігін арттыруына мүмкіндік молайды. Ал бұл оқушылардың сапалы білім алып, еркін еліміздің білімді, білікті тұлғасы ретінде қалыптасуына игі ықпалын тигізері даусыз. Жақын арада Атырау облысында тағы да бірнеше жаңа мектеп ашылғалы отыр. Сонымен бірге, Назарбаев Зияткерлік мектебі де оқушыларды қабылдай бас­тамақ.

Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ,

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы.

 

ҚУАНЫШЫМЫЗ ШЕКСІЗ

«Адамның бір қызығы бала деген» деп данышпан Абай атамыз айтқандай, адамға перзент сүюден, оның өмірден өз орнын табуына ықпал етуден артық бақыт бола ма. Біз де жолдасым Ақторғын екеуміз Мирасбегіміз туғанда сондай қуанышты бас­тан кештік. Уақыт деген қандай шапшаң. Сөйтіп, отбасымыздың көз қуанышына айналған тұңғышымыз да мектепке бару жасына келіп қалды. Жаздай Идиатулла атасы мен Гүлмәйрам әжесінің қолдарында тәрбиеленіп, сол жақта оқығысы да келген-ді. Алайда, Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гим­назия­сында оқысын деп шештік.

Баланың мектепке баруының өзі нағыз қуаныш қой. Кезінде біз осы күнді асыға күтетінбіз. Парталары, тақталары сырланған класқа алғаш рет енудің әсерін айтсаңшы. Шыттай жаңа киіммен, сөмкеңді құшақтап, өзің қатарлы балалармен бір топта болу қандай ғанибет десеңші. Біз де Мирасбегімізге оқу құралдарын, киімдерін алып беріп, мектепке баруға дайындап, қуанттық. Оқуға талабы зор. Оның үстіне балабақшада болғандықтан әріп танып, санауды үйренді. Ол баратын мектеп үйге жақын, көлік қозғалысы аздау жерде орналасқан. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы да өз деңгейінде. Кластағы жиһаздар, әдістемелік оқу құралдары талапқа сай. Бір сөзбен айтқанда, үлкен ұлымыздың алғаш мектеп табалдырығын аттауын асыға күтудеміз. Міндетті түрде алғашқы қоңырауына қатысып, класына кіргізіп, партасына отырғызамыз. Білімнің негізі бас­тауышта қаланады. Сондықтан оқуын қадағалап, үйретіп отыру да ата-аналық міндетіміз. Болашақта алатын білімі елінің азаматы болуының алғышарты деп білеміз. Алда келе жатқан Білім күні мерекесімен ұстаздарды, ата-аналарды құттықтаймын.

Нұржан ҚИЯСОВ,

«ҚР Статистика агенттігі АЕО» ШЖҚ РМК-ның

Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

Ақтөбе.

 

КӨ