Қаншалықты қисынды екенін қайдам, қазіргі біздің қоғам «қазақты не құртады?» деген қыңыр сауалмен бас қатырып, қызылкеңірдек болып қырқысып жатады. Ортаға осындай сұрақ тасталғанда таласып, тартысып отырып, жіпке тізгендей талай кертартпа кем-кетігіміз түгенделіп қалады. Таяқтың бір ұшы тоқмейіл пейілді тәубешілдігімізге келіп тиеді.

«Бұдан жаман күнде де тойға барған» жұрт қанша жерден шаруасы шалқып, шекесі шылқып отырмаса да жағасына түкіріп, шүкір етуден танған емес. Қанға сіңген қанағатшыл қасиет жақсы шығар. Бірақ осы әдеттің енжарлыққа, еріншектікке де қызмет ететін, ізденіске тұсау болатын кезі болады. Несібені еселейтін еңбекке екпін беруге келгенде ерік-жігер жетпей, тәуекел ете алмайды. Кемшілігі кемерінен асып тұрса да, кемелденуге талпынбайтын жанға қашанда өзін зор, өзгені қор көретін себеп, көңілге медет табылар. Осындай тәубешілдік түбімізге жететінін айтып түңілгендерге өре түрегеліп, тіксініп қарайтындар тағы бар. Алайда қоғамның осы олқы тұсын ұлт руханиятының ұстыны Абайдың өзі қатты сынады емес пе?!
Ұлы ойшыл жиырма үшінші қара сөзінде біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш барын айтады. «Қуанышы – елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Енді жұбанышы – жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады да деген сөзді жұбаныш қылады» дейді.
Абайдың бұл сөзі бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ. Құдды дәл қазіргі уақыттың тамырын тап басып айтып тұрғандай. Мұны бұрынғының сөзі деуге аузымыз бармайды. Абай – сондықтан Абай, сондықтан классик.
Шымбайымызға батса да, әлі күнге дейін бойымыздағы бойкүйездікті, болымсыз қасиеттерді ақтап алатын сан түрлі амалға арқа сүйейтініміз шындық. Құлқынның қамымен құр өткізген күнімізді тәуір көріп, «тәубемізге» түсеміз. «Тәспімізден жаңылып қалармыз» деген күдікпен ілгерінді іске, татымды тірлікке тәуекел етуге жүрегіміз дауалай бермейді. Сөйтіп жүріп қолымызды мезгілінен кеш сермейміз. Бірақ кешіккенімізді, текке өткізген уақыттың өзін теріске шығармай, «Ештен – кеш жақсы», «Асықпаған арбамен қоян алады» деген сыңайлы сөздермен сылтауратып, тағы да ақтап аламыз.
Әлемде NEET деген қалыптасқан термин бар. Тарқатып жазсақ, бұл «Not in Empoloyment. Education or Training» дегенді, қазақшаласақ, «не оқып, не қарекет етіп қарық қылмайтын адамдар тобы» ұғымын білдіреді. Статистика комитетінің дерегі бойынша былтыр елімізде осындай жастардың үлесі 7,3 пайызды, ал алдыңғы жылы 7,9 пайызды құраған екен. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2019 жылы жүргізген сауалдамасына сүйенсек, оқуға селсоқ, жұмысқа құлықсыз жастардың 50,7 пайызы «қазіргі өмірім қанағаттандырады деуге болады» деп жауап берсе, 30,5 пайызы «толығымен қанағаттандырады» деп көрсетіпті. Осыған қарап, қамсыз, қарекетсіз, «тәубешіл» жастардың әлі де басым екені байқалады.
Дана Абай атамыз қынжылған кезіндегі қазақ қоғамының бүгінгі сиқы да «алма ағашынан алыс түспегенін» айғақтап тұр. Абай оныншы қара сөзінде: «Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің – сол» дейді. Абайша айтқанда, «Құдай берген дүниенің» өзін қажетке жарата алмай отырмыз ғой?..
Жұртымызды мұндай кертартпа әдеттен арылуға бастайтын жолды нұсқайтын да осы – кемеңгер тұлғамыз. Абай бір өлеңінде:
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да, мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас, – дейді.
Яғни кез келген кәсіптің көзін тауып, еселі еңбекке жетелейтін – ынта мен жігер, тәуекел мен талап. Қазақта «Уайым түбі теңіз – түсерсің де кетерсің, тәуекел түбі жел қайық – өтерсің де кетерсің» деген аталы сөз бар. Яғни тәуекел – жетістіктің кілті. Тәуекелдің тірегі – тынымсыз еңбек. Еңбек қана адамның қадірін арттырып, еңсесін тіктейді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мәшһүр Жүсіпше қайырар болсақ, «Жігіттікте жаннан кеште іс қыл: өлсең – өлесің, өлмесең – кісі боласың».
...Осыдан кейін тәубешілдіктен гөрі тәуекелшілдіктің тұғыры әлдеқайда биік екенін пайымдауға болар!
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар