«Қос қоғамдық қор бірігіп, осындай ойға тоқайластық. Коронавирус – еліміз үшін ауыр сынақ. Осы сәтті пайдаланып, пайда табуды көздегендерді де көзіміз көрді. Бұл ұят нәрсе. Қазақ жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Біз күн сайын бетперде тігіп, мұқтаж жаңдарға тегін таратып жатырмыз. Соның ішінде ПИК қызметкерлері де бар. Бұл бетперделер таза шыт матадан тігілген. Жуып, үтіктеп, қайтадан пайдалануға болады. Қалада күнде дизенфекция жасалып жатыр. Сондықтан қорғаныш дәкесін жиі ауыстырып тұрмаса болмайды. Қазір біраз адам бетперде тігуді коммерцияға айналдырып жіберді, бизнес көзіне айналдырғандар көбейді. Азық-түлік алуға әрең қолы жетіп жүрген мұқтаж жандар маска сатып алуға күнде ақшаны қайдан алсын» – дейді «Аналарға көмек» қоғамдық қорының басшысы Гүлдәурен Бақбергенова.
Ізгішуақ істі қолға алған еріктілер қоғамға сәл де болса пайдамыз тисе деген тілекте. Көңіл қуантарлығы сол, алматыда соңғы күндері мұндай сауапты жұмысты қолға алған азаматтар көбейе түскен.