«2019 жылы тамыз айында Қазақстанда сатылатын дәрілік заттардың бағаларын реттеу туралы бұйрық шықты. Сол бұйрықты орындау мақсатында біз Денсаулық сақтау министрлігі атынан Darikz мобильді қосымшасын іске қостық. Ол арқылы кез келген азамат дәрілер туралы және оның белгіленген бағасы туралы ақпарат біле алады. Бұл бізге дәріханалардағы бағаларды қадағалауға көмектеседі», - деді Олжас Әбішев.
Оның айтуынша, егер дәріханалардың бағаны қымбаттатқаны анықталса, министрлік олардың жұмысын шектейтін болады.
«Егер қандайда бір азамат дәріханадағы бағаның қымбаттағанын байқаған болса, онда ол қосымшадағы батырманы баса отырып, біздің орталыққа мәлімет жібере алады. Сол арқылы біз ол дәріханаға тексеру жұмыстарын жүргіземіз», - деді ол.