27 Тамыз, 2013

Зимбабвені 89 жастағы Роберт Мугабе басқара береді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роберт Мугабе-2

Үстіміздегі жылғы 22 тамызда Зимбабвенің президенті ретінде 89 жастағы Роберт Мугабе жетінші рет ант қабылдады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Шілде айында кезекті президент сайлауында 61 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен Роберт Мугабенің ант қабылдау рәсімі Зимбабве республикасының астанасы - Харар қаласында өтті.

Алайда, Зимбабве көшбасшының қарсыластары сайлау нәтижелері бұрмаланды деп наразылық білдіруде. Президент сайлауында Роберт Мугабемен бәсекеге түскен аталмыш ел премьер-министрі Морган Тсвангираи сайлау нәтижесінің күшін жоюды талап етіп, Конституциялық сотқа шағым түсірген.

Ал Африка одағы сайлауды әділ өтті деп таныған.

Сонымен, 1980 жылдан бері Зимбабвені басқарып келе жатқан Роберт Мугабенің президенттік қызметі тағы 5 жылға ұзарды.

Тағы бір айта кетер жәйт, биылғы жылдың наурыз айында Зимбабвенің жаңа конституциясы қабылданып, онда бұдан былай президенттер бес жылдан екі рет қана сайлауға түсуге құқы бар екені көрсетілген. Яғни, президенттік қызмет мерзіміне шектеу қойылған. Демек, Роберт Мугабенің денсаулығы қалыпты болса, елді әлі он жылдай басқаруға мүмкіндігі бар.

Жолдыбай Базаров.

Соңғы жаңалықтар