Олар заң алдында жауапқа тартылады. Өңір полицейлері көңіл көтеру мекемелеріне арнайы рейд жүргізді. 8 көңіл көтеру мекемесінің иелері әкімшілік жазаға тартылды. Оның алтауы Көкшетауда, қалған екеуі Степногорск қаласы мен Аршалы ауданында. Тәртіп бұзғандар қатарында мейрамхана, бар, тойханалардан бөлек, үйінде жиын өткізген азаматтар да бар.
–Төтенше жағдай жарияланған сәттен бері облыс аумағында 4 қылмыстық іс тіркелді. Оның үшеуі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша тіркелген. Карантин режимінен бас тарту дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалды,–дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Әлі де болса тәртіпке үйрене алмай келе жатқандығымыз қынжылтады.
Ақмола облысы