Бүгінгі таңда қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің 80 проценті «Электрондық үкімет» порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильдік қосымшасы және «Telegram»-дағы egovkzbot 2.0 боты арқылы алуға болады. Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда.
– Автокөлік иелері көлікті қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырғанда дайын құжаттары мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады. Дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейді. Бұл тек дайын құжаттарды алуға ғана жасалған шара. Қалған қызмет түрі электронды қызмет арқылы рәсімделеді,–дейді «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов.
Цифрландыру жүйесінің жетістігі ел кәдесіне жарап-ақ тұр.
Ақмола облысы