Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Ақмолада қарғын судан қауіп көп

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атбасар, Целиноград, Астрахан аудандарында көктемгі су тасқыны болу қаупі әлі сейілген жоқ. Жыл сайын төтенше оқиға орын алып жататын Атбасарға 15 техника  жөнелтті. Сондай-ақ 60-қа жуық адам да қауіпті аймаққа аттанды.  

Ақмолада қарғын судан қауіп көп

Атбасар ауданында су тасқыны қаупіне дайындық қызу жүргізілуде. Яғни, әр апта сайын тұрғындар мен жергілікті шаруа қожалықтары, төтенше жағдай саласының мамандары бірлесіп, Жабай өзені арнасын тазартуға бағытталған ауқымды жұмыс атқарды. Сақтық шараларының алдын-алуға 48 техника мен 150-ден астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ,12 наурыздан бастап ауданда 4 жедел жасақ ұйымы тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігінде халықтан өтінімдер қабылдайтын штаб тәулік бойы кезекшілікте. Ал облыс орталығынан барған қосалқы күш ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлестерін қоспақ.

–Атбасар және Астрахан аудандарына  су басудың алдын-алу үшін  қосымда күш жіберудеміз.  Бұл аудандар ерекше бақылауда. Алдағы 30-31 наурыз күндері және сәуір айының басында  күннің күрт жылынуына байланысты қар еріп, Жабай өзені арнасынан тасу қаупі жоғары.  Әзірге Атбасар ауданында төтенше жағдай тіркелген жоқ. Сақтық шараларын жүргізіп жатырмыз. Біз осындай қосалқы күш пен техниканы Целиноград, Аршалы, Астрахан аудандарына да жібердік. Сондай-ақ, арнайы резервте ұстап тұрған қосалқы топтар бар,–дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Алексей Советов

Көктемгі су тасқынын алдын-алу үшін өңірде 1 мың арнайы техника дайын тұр. Әзірге ауыл-аймақтан 1,5 миллион текше метр қар шығарылды. Сондай-ақ, 93 мың дана қап пен 31 мың тонна инертті материал дайындалды.

Ақмола облысы