Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бұл індетті біріккенде жеңеміз

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылордадағы өңірлік коммуникация қызметінде брифинг өтіп, онда  коронавирус індетін болдырмау үшін атқарылып жатқан жұмыстар жайы айтылды.      

Қызылорда: Бұл індетті біріккенде жеңеміз

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов сырттан келген азаматтарды анықтап, олардың денсаулық жағдайын тексеру бағытындағы мамандар еңбегін атап өтті. Бірақ бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін тұрғындардың да көмегі керек.

- Бізде күдік туа қалған жағдайда адамдарды оқшаулау үшін барлық жағдай жасалған, қажетті дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті. Бірақ сырттан келгендерді анықтау қиындық туғызып отыр. Қазір сыртта оқып жатқан студенттердің барлығы тұрғылықты жеріне қайтарылды. Біздің облыс аумағына 8 мыңдай студент келу керек деп жоспарланған. Қазір осылар толық анықталмай отыр. Өзінің, жақынының амандығын ойлаған жан дәрігерлерге хабарласуы керек. Бұл індетпен күресте бар міндетті медицина мамандарына артып қоюға болмайды, оны тек біріккенде ғана жеңеміз, – деді басқарма басшысы.

Облыс бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары  Әлия Әбдіқайымова да аймақта шетелдерден келген 87 адам медициналық бақылауға алынғанын айтып өтті.

Бірақ сырттан келетін жергілікті тұрғындардың, әсіресе, жастардың арасында мекен жайы туралы жалған айту деректері кездесіп қалады.

 

Қызылорда облысы