Байланыс орталығы жүктемесінің артуына байланысты азаматтарға кеңес беру жұмысына ХҚКО-ның 1800-ден астам қызметкері қосылды, сондай-ақ байланыс арналарының өткізу қабілетін және барлық қоңырауларға қызмет көрсету үшін телефония қуатын арттыру бойынша шаралар қабылданды. Енді бір мезгілде мыңнан астам қоңырауды қабылдауға мүмкіндік бар.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасының орынбасары Диас Қадыровтың айтуынша, «азаматтар 1414 орталығына сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өте көп хабарласқан. Ал, сағат 12.00-ден 15.00-ге дейін байланыс орталығына хабарласушылар саны азайған. Осы уақытта өтініш білдірген азаматтардың қажетті кеңесті тез алуына мүмкіндігі мол».
Қазақстандықтар 1414 орталығына онлайн қызмет алу мәселелері бойынша күн сайын демалыссыз, сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін хабарласа алады. Байланыс орталығы қызметкерлерінің ЭЦҚ алуға өтініш білдірген азаматтарды жеке куәлігіндегі суретіне қарап, бейнебайланыс арқылы сәйкестендірумен айналысатынын да атап өткен орынды. Егер де хабарласқан адамның телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда ғана бейнебайланыс арқылы сәйкестендіру талап етіледі.
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 80%-ын онлайн алуға болады. Оларды азаматтар egov.kz электрондық үкімет сайты, eGov mobile қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм арнасы және Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы ала алады.