Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Түркістан: Іс-шаралар онлайн режимде ұйымдастырылуда

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» көпшілікпен өкізілетін іс-шараларды кейінге шегерді. Ал бірқатарын онлайн режимде ұйымдастыруда.

Түркістан: Іс-шаралар онлайн режимде ұйымдастырылуда

Мысалы, жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында және кез келген жағдайдың мүмкіндігі мол екенін үйрететін үздік жобалар ұсынылып отыр. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі арқылы «Жастар online», «Наурыз, наурыз күн игі» атты көркемсөз оқу видео - байқауы және жаңа форматта қашықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда ағылшын тілін тегін әрі терең меңгеру үшін 200-ге жуық жас тіркелген және бұл бағыттағы істер әлі де жалғасуда. Яғни Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қолға алған жобаның аясында жастар ағылшын тілін қашықтан тегін үйренетін болады. Сондай-ақ, электронды оқулық платформасы арқылы «ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы» басталды. Курсқа тегін қатысып, үздік ұстаздардан дәріс алуға болады. Ниет білдірген ұстаздар үшін де онлайн режимде сабақ беру мүмкіндіктері қарастырылуда. Алдағы уақытта «Түркістан облысы жастары оқуы қажет 100 кітап» электронды оқулық базасы, А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» және «Түркістаным – мақтанышым!» атты жас ақындардың облыстық онлайн - байқауы және басқа да ұтымды жобалар жүзеге асырылады. 

 

Түркістан облысы