Бектөре Жеңісбайұлы тікелей эфирде тұрғындар сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Қылмыстық ахуал мен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыс туралы айтып өтті.
Полиция басшысы қазіргі жағдайға байланысты, тұрғындардан сақтық шараларын ұстанып, халық көп жиналатын орындарға бармау қажеттігін баса айтты. Осы күні департаменттің жеке құрамы ерекше режимде қызмет атқарып, төтенше жағдай талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда.
Сонымен қатар, ол полиция жұмысын жаңа сатыға көтеру, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысының имиджін қалыптастыру, сала жұмысына сандық технологияларды енгізу жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Тікелей эфирде тұрғындардан 100-ге жуық арыз бен ұсыныс түсті.