Спорт • 28 Наурыз, 2020

Баскетбол: Әлем кубогы Аустралияда өтеді

22 реткөрсетілді

2022 жылы баскетболдан әйелдер арасындағы әлем кубогы жолындағы жарыс Аустралияда өтетін болды. Бұл шешім кеше FIBA-ның Орталық кеңесі өткізген бейнеконференциясынан кейін қабылданды.

Басты бәсекелесі Ресейден көбірек дауыс жиын жеңіске жеткеннен соң Аустралияның өкілдерін FIBA-ның Бас хатшысы Андреас Загклис құттықтады.

«Аустарлияның баскетболдағы беделі өте зор. 2018 жылы әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында сол елдің командасы тамаша өнер көрсетіп, күміс медальді иеленді. Осы жайттың өзі жасыл құрлықта айтулы спорт түрін аса жоғары деңгейде дамыту үшін қолайлы жағдайдың барлығы жасалып жатқандығын аңғартады. Сол себепті де біз екі жылдан кейін Сиднейде жалауы желбірейтін әлемдік доданың ұйымдастырылу деңгейі керемет болатынына қылаудай да күмәнім жоқ», - деп Загклис мырза өз ойын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қапшағай қаласының әкімі ауысты

Аймақтар • Бүгін, 17:20

Жігіттің жақсысы

Руханият • Бүгін, 16:21

Эрик Кантона көш бастап тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:16

Ұқсас жаңалықтар