Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Мұнай саласында 3 жобаны іске қосу жоспарланған

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай саласындағы жоспарланған жобалардың бірі - «Total E & P Dunga GmbH» Франциядағы өндірілген суды дайындау және айдау жүйесі.

Маңғыстау: Мұнай саласында 3 жобаны іске қосу жоспарланған

Құны 8 620 млн теңгеге бағаланған жоба 4 жұмыс орнын құрып, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілмек. Сондай-ақ Фистех II АҚ-тың Солтүстік Қаражанбас кен орнына тауарлық мұнайды тасымалдауға арналған мұнай құбырының құрылысы да жооспарда тұр.

Жобалық құны 2 450 млн теңгені құрайтын құрылыс 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп күтіледі және 2 жұмыс орнын ұсынбақ. Үшінші жоба да «Фистех II» АҚ-ның үлесіне тиесілі. Компания  топтық құрамды қондырғысын модернизациялау жобасын ұсынбақ. Құны 172 млн теңгеге бағаланған жоба 4 жұмыс орнын құрып, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы пайдалануға беріледі деп белгіленген.

 

Маңғыстау облысы