![6 сәуірден бастап «Balapan» телеарнасында мектеп оқушыларына арналған бейнесабақтар көрсетіледі](/media/2020/03/28/balapan.png)
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар арнаны www.balapan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көруге болады. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
Бейнесабақтарды көпшілікке оңай қолжетімді ету мақсатында «Balapan» телеарнасының You Tube желісіндегі ресми арнасынан да тікелей көрсету жоспарланып отыр.