28 Тамыз, 2013

Үздік ұстаздар автокөлікке ие болды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында өткен мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесінің соңы аймақтың үздік ұстаздарын марапаттауға ұласты. Олар Білім және ғы­лым министрлігі мен облыс әкімінің құрмет грамоталарын, төсбелгілері мен алғыс хаттарын алды.

Облыс басшысы Ерлан Арын ең соңынан бір топ таң­­­дау­лы мұғалімдерге облыс­­­тың арнаулы тартуы – авто­кө­­­ліктерді сыйға тартты. Бұл ма­­рапатқа Қазақ КСР-інің ең­бек сіңір­ген мұғалімі Тәжібай Шай­мер­денов, Үштерек шағын орта білім беру мектебінің ди­рек­торы Ғалия Әмірханова, «Пав­­лодар қаласы №122 мектепке дейінгі гимназияның» тәрбиешісі Күлзада Ахметова және № 23 Успенск колледжінің өндірістік білім беру шебері Иван Лозовик ие болды.

Мұрат АЙТҚОЖА.