Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адам коронавирус жұқтырған

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов хабарлады.

Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адам коронавирус жұқтырған

Аталған азаматтар бұған дейін үй карантинінде жатқан. Себебі, олардың коронавирусқа шалдыққан елордалық туысы қонақта болған екен. 

 - Аталған 3 адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, - деді Сүлен Ілиясов.

Айта кету керек, ауру белгілері анықталған адамдардың барлық жақындары қазір ауруханаға жатқызылып, қатаң бақылауға алынған. Елорда іргесіндегі Қосшы ауылы қазір аурудың ошағына айналып отыр.