Спорт • 28 Наурыз, 2020

Томас Бах 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қолдау көрсеткен елдерге алғыс айтты

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасының ауыстырылуына байланысты G-20 елдерінің басшыларына алғыс айтты. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Томас Бах 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қолдау көрсеткен елдерге алғыс айтты

«Біз халықтың денсаулығын сақтау мақсатында ірі қоғамдық іс-шараларды, оның ішінде, Олимпиада ойындарын кейінге шегеруге үлкен күш салғандарыңызды көрдік. 2020 жылғы Токио Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарын толығымен бір жылға ауыстырған Жапония билігінің шешімін жоғары бағалаймыз», - делінген G-20 ресми мәлімдемесінде. 

ХОК президенті Томас Бах осыған қатысты пікір білдірді. 

«Бұл қолдау Жапония мен ХОК-ке үлкен жігер береді. G-20 елдерінің көшбасшыларының бұл мәлімдемесі бізге сенім сыйлайды. Қазіргі таңда адамзат қараңғы туннельде тұр. 2020 жылғы Токио Олимпиадасы туннель соңындағы жарық болмақ», - деді Бах.