Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

ТЖ кезінде беташар өткізген Тараз қаласының тұрғыны ұсталды

196 реткөрсетілді

Бұл туралы Тараз қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны үйінде беташар өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол 5 тәулікке қамалды.

Тараз қалалық полиция департаментінің қызметкерлері беташар жүргізген асабаға ТЖ кезіндегі тәртіпті түсіндіріп, ескерту жариялады.

Айта кету керек, кеше Төтенше жағдайда той тойлайтындарға тосқауыл қойылуы керек екендігі туралы жазған болатынбыз. Мемлекет басшысы дүйім жұртты дүрліктірген COVID-19 вирусына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялады. Карантин енгізіп, «Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ, отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын» деген Қаулы шығарды. Алайда кейбір тойшыл қауым осы кезеңдерде тойды қалай өткіземіз деп «бас ауыртып» жүрмеген секілді.

Соңғы жаңалықтар

Тіл және заман сабақтастығы

Аймақтар • Бүгін, 17:02

Жігіттің жақсысы

Руханият • Бүгін, 16:21

Эрик Кантона көш бастап тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:16

Кооператив көпке керек

Аймақтар • Бүгін, 10:39

Ұқсас жаңалықтар