Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда антисептиктер мен маска берілетін нүктелер белгілі болды

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Зекен Исаков елордада медициналық маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті қайдан алуға болатыны туралы айтты деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты. 

Нұр-Сұлтанда антисептиктер мен маска берілетін нүктелер белгілі болды

«Басқарма қаладағы дәріханаларда медициналық маскалар, тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер мен антисептиктердің болуын жіті бақылауда ұстауда. Қадағалау нәтижелері басқарманың Facebook парақшасында үнемі жаңартылып отырады. Қазіргі уақытта вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен маскаларды келесі ұймдардан ала аласыздар.Олар «Іңкәр» ЖШС,  «Ақниет» ЖШС, «Науза Адель» ЖШС, «Саламат», «Еурофарма», «Альфамед»,- деді З. Исаков.

Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған, шұғыл ауруханаға жатызылуы тиіс  адамдарды анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

«Жақын байланыс туралы мәлімет беруді бұлтарту бойынша 1 дерек тіркеліп,  материал қалалық полиция басқармасына жіберілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды»,-деп түйіндеді З. Исаков.