Әлем • 28 Наурыз, 2020

Қазақстандық дипломаттар Әмірліктердегі 800 қазақстандыққа елге оралуға көмектесті

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Covid-19 пандемиясы аясында БАӘ халықаралық әуе рейстерінің көпшілігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, елде дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларға байланысты автокөлік қозғалысы шектеулі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық дипломаттар Әмірліктердегі 800 қазақстандыққа елге оралуға көмектесті

Осыған орай, 20-28 наурыз аралығында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі, Дубайдағы Бас консулдығы және Әмірліктердің мемлекеттік органдардың көмегімен Қазақстанға 801 отандасымыз қайтарылды.

Бүгін «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен Дубай – Алматы бағыты бойынша 116 қазақстандық оралды. Біздің дипломаттарымыздың күшімен үйге оралуды қажет ететін азаматтарымыз осы рейске қосымша отырғызылды.