«Екі ер адам бүгін ересек жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. 1962 жылы туған азамат 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейспен келген болатын. Екіншісі, 1995 жылы туылған жігіт 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келген», - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі таңда мегаполистен бес науқас сауығып шықты. Олардың біреуі 12 жасар бала.
Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында үйде 14 күндік карантинде болады.