Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Атырау облысында емхана қызметкері коронавирус жұқтырған

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында ауру жұқтырған бесінші адам қалалық емхананың қызметкері болып шықты. Бұл туралы oronavirus2020.kz хабарлады.

Атырау облысында емхана қызметкері коронавирус жұқтырған

«Белгілі болғандай, медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыздан талдауға қан алған. Бүгін жергілікті тұрғын жасаған тестінің қорытындысы шықты, одан коронавирус инфекциясы табылды. Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды» делінген хабарламада.